«ЭПОС ЖӘНЕ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін Түркология ғылыми-зерттеу институтында док., проф. Бүлент Байрам «Эпос және тұлға» тақырыбында семинар өтті
Жиынға институт қызметкерлері мен Филология факультетінің студенттері қатысты.
Семинарда док. проф. Бүлент Байрам түркі халықтарындағы дастандардың ерекшеліктеріне тоқталды. Түрік қауымдастықтарындағы эпостар, Көроғлы дастаны, Шахнама дастаны туралы, қаһармандық дастандар, Эпос пен тұлға байланысы төңірегінде ой қозғады.
Жиында сөз кезегін алған ғалым, фил.ғ.к., проф. Шәкір Ибраев «Дастан барлық түркі халықтарында бар. Эпостық жырларымызды зерттеуде түркі халқы европадан алда. Эпосты айту өнерінде Қырғыздың манасшылары Сағынбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаевтың орны ерекше»,- деді.
Семинарға қатысушы студенттер «Эпос және тұлға» тақырыбы аясындағы өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қызықты да тың ақпараттар алды.
Семинар соңында Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, док., проф. Бүлент Байрамға институт ұжымы алғысын білдірді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 