ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ!
Ұлттық ойындар – ата-бабамыздың мол мұрасын дәріптейтін, салт-дәстүріміз бен бай мәдениетімізді әлемге танытатын асыл қазына. Олар тек денсаулықты шынықтырып қана қоймай, ой-өрісті дамытып, зияткерлік қабілетті арттырады. Сондай-ақ, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні терең, өйткені олар өскелең ұрпаққа ептілік, тапқырлық, әділдік, ұйымшылдық сынды құндылықтарды сіңіреді.
Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығында «Тоғызқұмалақ», «Мангала», «Бестемше», «Шахмат», «Дойбы» ойындарынан сайыс өтті.
Ал, спортзалда жиналған қатысушылар: «Асық», «Арқан тартыс», «Қол күресі», «Тутум эргиир» (саха халқының ұлттық ойыны) бойынша қызықты бәсеке өткізді.
Ұлтымыздың төл мұрасына айналған ұлттық ойындар жарысы тартысты өтті. Осылайша,оқу ордамыз тарихы тереңде жатқан ойындарды жандандырып, одан әрі де таныта түсті.
Ұрпақтан ұрпаққа аманат болып келе жатқан жәдігеріміз – ұлттық ойын түрлері қайта түледі.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 