ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ВЕБ-САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Сайт сілтемесі
https://ayu.edu.kz/birimler/kz/311-yabanci-ogrenciler/
Аталған платформа шетелдік студенттер үшін университет туралы ақпаратты қолжетімді етіп, халықаралық аренада оқу орнымыздың танымалдығын арттыруға бағытталған.
Веб-сайтта академиялық бағдарламалар, оқуға қабылдау тәртібі және студенттерге арналған түрлі мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет ұсынылған. Сонымен қатар, бірнеше тілде қолдау көрсетілетін ресурс шетелдік талапкерлерге университетке түсу және бейімделу процесін жеңілдетуге көмектеседі.
Студенттер сайттан университет пен кампустар жайлы ақпараттан бастап, білім беру бағдарламалары, талапкерлерге қажетті ақпараттар мен сілтемелерді таба алады. Сонымен қатар, оқу орданың шетелдік студенттерге ұсынар мүмкіндіктері туралы да тың мәліметтерді оқи алады. Білімгерге қажетті нұсқаулар мен анықтамалар да бар. Студенттер өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, жауап алуына болады.
Жаңа веб-сайт – университеттің жаһандық білім беру кеңістігіндегі орны мен халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға жасалған маңызды қадам. Бауырлас түркі елдерінен келгенстуденттерімізді веб-сайтты қарап, оқу ордамыздың тыныс-тіршілігі мен жаңалықтарынан хабардар болуға шақырамыз!
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 