«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАЛАЛАР ЖАҚ-БЕТ ХИРУРГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ
Іс-шараға қатысу үшін Қазақстан мен Ресей, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен жетекші мамандар арнайы келді.
Балалар жақ-бет хирургиясы – қазіргі заманғы медицинаның ең қарқынды дамып келе жатқан, сұранысқа ие бағыттарының бірі. Ол туа біткен және жүре пайда болған патологияларды түзетуде маңызды рөл атқарады. 3D-модельдеу, роботтандырылған хирургия және регенеративті медицина сияқты заманауи технологиялар диагноздың дәлдігін арттырып қана қоймай, операциялардың жарақат деңгейін азайтып, оңалту кезеңін қысқартуға мүмкіндік береді.
Алайда инновациялық әдістерді енгізу жоғары білікті мамандарды, үздіксіз кәсіби дамуды және хирургтар мен ортодонттар, педиатрлар мен неврологтар және реабилитологтар арасындағы тәжірибе алмасуды талап етеді. Сондықтан, бұл конференция балалар жақ-бет хирургиясы саласындағы жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшыларды біріктіретін бірегей білім беру алаңына айналуды көздейді.
Жиында сөз бастаған Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева конференцияның медицина саласындағы маңызы туралы айтты. Сонымен қатар, оқу ордамыздың осы бағыттағы әлеуеті мен клиникалық базасы жайлы ақпарат берді. Конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Келесі кезекте, дәрігерлер мен профессорлар: Қазақстан Республикасының балалар бет-жақсүйек хирургиясының хал-жағдайы, ҚР ЖОО – да балалар бет-жақсүйек хирургтарының резиденттерін даярлау бағдарламасындағы ерекшеліктер мен көкжиектері, Жас өспірімдерде кездесетін жоғарғы жақ қуысы түбінің бөгде жағдайларда пайда болған ақауларын хирургиялық жолмен емдеу сынды өзге де маңызды тақырыптар бойынша баяндама оқыды.
Айта кетейік, конференция аясында күрделі клиникалық жағдайларды талдау арқылы инновациялық әдістерді практикалық қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Қатысушылар теориялық біліммен қатар, сарапшылардың жетекшілігімен практикалық сабақтарға қатысады. Бағдарламаның негізгі бөлігі – хирургиялық операцияларды тікелей көрсету шеберлік сабақтары, бұл дәрігерлерге заманауи емдеу технологияларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 