«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ
Айтулы іс-шараға оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен жас ғалымдар, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлер қатысып жатыр.
Оқу ордамызда Академиялық үстемдік орталығын құру бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2024-2026 жж. арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында – «Оңтүстік Қазақстан өңірін тұрақты дамыту үшін инновациялық технологияларды әзірлеу және заманауи инфрақұрылым құру» жобасы жүзеге асырылуда. Осы орайда ұйымдастырылған семинар-тренинг денсаулық сақтау, биотехнология, экология, білім беру және басқа әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу әдістер мен жасанды интеллект салаларындағы заманауи бағыттарды қамтиды.
Басты мақсат – заманауи технологияларды тиімді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, оқытушылардың және қызметкерлердің цифрлық құзыреттерін арттыру. Сондай-ақ, салааралық инновацияны дамыту, денсаулық сақтау, биотехнология, экология, білім беру және басқа әлеуметтік ғылымдарда тәжірибе және білім алмасу үшін кәсіби алаң құру.
Жиын модераторы – Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева болды.
Іс-шараны ашып беру үшін сөз бастаған ректор өкілі м.а Нажи Генч:
«Жоғары оқу орындарында бүгінгідей іс-шаралар мен ғылыми жобалардың маңызы зор. Сондықтан, семинар-тренингті ұйымдастырған әріптестеріміз бен қатысушыларға алғыс білдіремін!
Қазіргі таңда «Жасанды интеллект» тақырыбы көптің қызу талқысына айналды. Әсіресе, жасанды интеллект адамзатты неге әкеледі?-деген сұрақ баршаны алаңдатады. Жасанды интеллект – ғылым адамдары үшін аса маңызды. Оны зерттеу алаңдары мен ғылыми жұмыстарында пайдаланады. Жасанды интеллектті дұрыс пайдалану, адамзаттың игілігіне жарату өз қолымызда. Осыны ұмытпағанымыз жөн»,-деді.
Ашылу салтанаты секциялық отырысқа ұласты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетнің Денсаулық ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD, профессор Наталья Глушкова Биомедицинадағы зерттеу дизайндарына шолу жасады.
Сонымен қатар, Эпидемиологиялық зерттеу дизайнын әзірлеу, Көлденең зерттеу дизайнын әзірлеу сынды маңызды тақырыптарды көтерді.
Семинарда: Биомедицина мен денсаулық сақтаудағы қолданбалы зерттеулер, Халықаралық индекстелетін журналдар үшін мақала жазу техникалары, Зерттеулерде және денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектіні қолдану, Білім беру мен әлеуметтік ғылымдарда жасанды интеллектіні қолдану бойынша 4-секция жұмыс істейді.
Айта кетейік, семинар-тренинг 17-сәуірге дейін жалғасады.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 