«ЯСАУИ КУБОГЫ – 2025» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ
Университетімізде Экономика, басқару және құқық факультетінің мұрындық болуымен – «Ясауи кубогы – 2025» атауымен туризм жарысы өтті. Айтулы іс-шара «Рухани астана: туризм мен білімнің жаңа көкжиегі» атты туризм-ғылым апталығының аясында ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты – туристік көпсайысқа қызығушылық танытатын білім алушыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау. Сондай-ақ, туристік дағдыларды практикалық тұрғыда үйрету.
Университет аумағы мен ботаникалық бақта өткен сайысқа оқу ордамыз бен Халықаралық туризм және меймандостық университетінен келген «Туризм» мамандығының студенттері, колледж білімгерлері мен Облыстық жас туристер станциясының мектеп оқушылары қатысты.
Жалпы саны – 12 команда белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы бойынша өзара сынға түсті.
Қатысушылар жарыс барысында өздерінің ептілік пен төзім, жылдамдық пен техникалық шеберлік сынды қасиеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Сайыс соңында барлық команда арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпаттарға ие болды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 