РЕКТОР ЖАНАР ТЕМІРБЕКОВА ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ІС-САПАРМЕН БАРДЫ
Гази университеті – Анкарадағы ең үлкен, сәулеті келіскен, 45 мыңнан аса студенті бар, белді мекеме. Университетіміздің серіктесі ретінде қаншама жылдан бері ортақ жобаларды бірлесе жүзеге асырып келе жатқан білім ордасы.
Ректор Жанар Темірбекова Гази университетінің жаңадан тағайындалған ректоры – Угур Үналмен танысып, жаңа лауазымымен құттықтады.
Кездесу барысында қос университеттің ортақ жобалары сараланып, болашаққа жаңа жоспарлар құрылды. Ректорлар университеттер арасындағы серіктестікті нығайту мен білім-ғылым алаңын дамыту бойынша тың идеяларды талқылады.
Жиында университеттердің тарихи-география алаңы мен мұрағат жұмыстары бойынша атқарып келе жатқан жұмыстары сөз болды. Угур Үнал Түркияның мемлекеттік мұрағатын басқарып, бір жүйеге келтіру кезінде жасаған жұмысы мен өз тәжірибелері туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, өзінің Қазақстанда бірнеше рет болғанын айтып өтті. Еліміздегі жаңа реформаларды, өзгерістер мен жаңалықтарды назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. Бауырлас мемлекет ретінде, Қазақстанның қарыштап дамуына қуанышты екенін айтты.
Осылайша, оқу орда басшылары тек екі университет арасындағы ынтымақтастық жөнінде емес, елдер арасындағы достық көпірі туралы да сүбелі сұхбат құрды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 