«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Іс-шараны Ясауитану және Түркология ғылыми-зерттеу институттары біріге ұйымдастырды.
Конференцияның ашылуында сөз бастаған Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD, доцент м.а. Бауыржан Сайфунов еліміздің ғылым саласындағы түйткілді тақырыптар мен қазіргі Ясауитану бағытындағы зерттеу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы бастамаларын қолдай отырып, рухани және ғылыми даму жолында бірлесіп әрекет ету қажеттігін атап өтті.
Келесі кезекте, «Қазіргі Ясауитану зерттеулерінің проблемалары» тақырыбында баяндамасын оқыды.
Ал, PhD, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директор орынбасары Халил Четин қазіргі заманғы түркология саласындағы өзекті мәселелер туралы тарқата айтты.
Жиын барысында өзге де спикерлер: «Қазіргі таңдағы Қазақстанның ғылым саласындағы мәселелері», «Қолжазбаларды транскрипциялаудағы әдіс-тәсілдер», «Ясауи ілімінің рухани құндылықтар мен ұлттық тәрбие жүйесіне әсері» сынды т.б тақырыптар бойынша тың ақпараттар берді.
Іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Көкшетауда өткен IV Ұлттық Құрылтайда көтерген мәселелері кеңінен талқыланып, қоғамдық әдеп, рухани тәрбие, ғылым мен білімге инвестиция тарту, ұлттық болмысқа жат идеологияларға тосқауыл қою мәселелері көтерілді.
Конференция аясында қадірлі қонақтар, Ақтөбе облысынан келген оқушылар, ұлттық құндылығымыздың бір көрінісі – айтыс өнерінен үзінді ұсынды. Әрі, Ясауи хикметтерін жатқа оқыды. Бұл көрініс конференция қонақтары мен қатысушы ғалымдарға да ерекше әсер сыйлады.
Айтулы жиын ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, жастардың рухани-мәдени тәрбиесіне де айрықша мән берілген мазмұнды алаңға айналды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 