«БИ-СҰЛТАН» БИ АНСАМБЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ГРАН-ПРИ ИГЕРІ АТАНДЫ
«Turan Dance» байқауы – ұлттық би өнерін дәріптеумен қатар, еліміздің әр өңірінен келген бишілер арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және би өнеріндегі жаңа таланттарды тану алаңына айналды.
Айтулы байқауға еліміздің әр өңірінен келген кәсіби би ұжымдары қатысты. Ал, қазылар алқасы бишілердің техникасы мен хореографиясына, эмоциялық әсері мен музыканы сезінуіне және қозғалыс динамикасына баса назар аударып, жеңімпаздарды анықтады.
Университетіміздің мақтанышына айналған «Би-Сұлтан» бишілері жеңіс тұғырынан көрініп, 1,5 миллион теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.
Айта кетейік, «Би-Сұлтан» – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен «Халықтық» атағына ие болған, университетіміздің Мәдениет орталығының жанынан ашылған би ансамблі. Көптеген халықаралық және республикалық би жарыстарында топ жарып жүрген өнерлі жастардың ортасы, оқу орда мақтанышы. Жетекшісі – ҚР үздік хореографы, ҚР мәдениет қайраткері Тәуекелова Гүлназия Есенгелдіқызы.
Университет атын асқақтатқан ансамбльдің жеңісі құтты болсын!
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 