РЕКТОР ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
Университетімізде ХIII жазғы универсиада ойындарына қатысатын спортшыларымызбен салтанатты кездесу өтті. Кездесуде университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова жарыс алдында спортшыларға сәттілік тіледі.
«Университетіміздің студенттері спорт жарыстарында үнемі жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Біздің ұжым әр медаль, әр жүлдеге ерекше қуанып, мақтан тұтады. Биыл да жазғы универсиадада командалық рухты көрсетіп, Түркістандағы серіктес университетте өтетін жарыста университетіміздің байрағын биікте желбіретеді деп сенемін», - деген ректор Жанар Темірбекова университет байрағын команда капитаны, қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбековке табыстады.
Команда капитаны Түркі әлемінің рухани астанасы, ерекше мәртебелі Түркістанда өтетін бәсекеде Ясауи университетінің намысын қорғап, жүлделі оралуға сөз берді.
Спортшылармен кездесуге Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова мен Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов те қатысты. Олар спортшылармен ашық диалог құрып, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жарыс жолында жеңіс тіледі.
Айта кетейік, ХIII жазғы универсиада 8 мамыр - 14 маусым аралығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде өтеді. Жарысқа университетіміздің атынан 17 спорт түрінен 187 спортшы қатысып, бақ сынайтын болады.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 