ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеңесте жаңа құрамды бекіту, ғылыми жобаларды қаржыландыру, бастамаларды жүйелі үйлестіру секілді маңызды мәселелер қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен нормативтік құжаттарға және «2023–2029 жылдарға арналған ғылымды дамыту тұжырымдамасына» сәйкес жүзеге асырылуда.
Жиын барысында жергілікті атқарушы органдарға өңірге қажетті ғылыми бағыттарды нақтылап, қаржыландыру тетіктерін ұсыну, сондай-ақ қолданбалы ғылым мен коммерцияландыруға арналған гранттар бөлу, инновациялық жобалар мен хакатондар ұйымдастыру міндеттері жүктелді.
Отырыс барысында Ахмет Ясауи университетінің ректоры Жанар Темірбекова мен ғылым жөніндегі вице-ректор Айнаш Ошибаева сөз алып, университетіміздің ғылыми әлеуеті мен өңірлік ғылымды дамытуға қосып отырған үлесі жөнінде баяндама жасады. Олар жоғары оқу орнының соңғы жылдары жүзеге асырып жатқан ғылыми жобалары, халықаралық серіктестіктері және жас ғалымдарды қолдау тетіктері туралы мәлімет берді.
Университеттің ғылыми-инновациялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған бастамалары өңірлік ғылым мен технологияны дамытудың маңызды бөлігіне айналып отыр. Мұндай кеңестер ғылым мен практиканың өзара байланысын күшейтіп, өңірлік дамуға серпін беретінін көрсетіп келеді.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 