XIII ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ КЕШІ ӨТТІ
Универсиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың достығы мен ынтымақтастығын нығайту.
Айтулы додаға еліміздің барлық өңірінен келген 76 жоғары оқу орынының 3000-нан астам студенті қатысып жатыр. Студенттер жалпы саны 17 олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерінен бақ сынайды. Ясауи университетінің абыройын 187 спортшы қорғамақ. Оқу орда командасының капитаны – қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбеков.
Ашылу салтанаты қатысушы командалардың шеруімен бастау алды. Әр жоғары оқу орынның спортшылары туларын желбіретіп, өз білім ордаларын танытты.
Алғы сөз сөйлеген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев универсиаданың ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов пен ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов те ақ тілегін арнады.
Ресми ашылу одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты. Кештің басты хэдлайнері – Raim мен Delacure әннен шашу шашты. Студент жастар ашық аспан астында ән шырқап, би биледі.
Айта кетейік, спорттық жарыстар Түркістан қаласының келесі спорттық инфрақұрылымдарында өтеді: «Түркістан Арена» орталық стадионы, Б.Саттарханов атындағы спорт сарайы, «Олимпик» спорт орталығы, IUTH Спорттық-сауықтыру кешені.
Универсиада 14-маусымға дейін жалғасады. Барлық қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 