УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ТАЕКВАНДО ШЕБЕРЛЕРІ УНИВЕРСИАДАДА 8 АЛТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Ерлер құрамасы жекелей сында 5 алтын медаль жеңіп алып, командалық есепте тағы 1 алтын иеленді.
Сондай-ақ, ерлер арасында 4 күміс пен 4 қола жүлде де университет қоржынын толықтырды. Оның ішінде, пумсе бағдарламасында да спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, алтын, күміс және қола жүлделерге ие болды.
Қыздар құрамасы да жүлдесіз қалмай, жекелей сында 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Осылайша, университетіміздің таеквандошылары 8 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль иеленіп, оқу ордамыздың спорт саласындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Команданың бұл жетістігінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, аға бапкер Құралбаев Ринаттың еңбегі орасан. Жоғары деңгейдегі дайындық және спортшылармен жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде университетіміздің таеквандо құрамасы айтарлықтай табысқа қол жеткізді.
Таеквандошы шәкірттерімізді және олардың бапкерін айтулы жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарға табыс тілейміз!
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 