КЕЗЕКТІ СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Басқосу әдеттегідей университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын айтулы жетістіктерімен құттықтау рәсімімен бастау алды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова Бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Шаханбаевты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болуымен құттықтап, сый-сияпат табыстады.
Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова 2025-2026 оқу жылының Академиялық күнтізбесін бекіту туралы айтты. Ал, факультет декандары мен ҒЗИ директорлары факультеттер мен ҒЗИ-лардың даму бағдарламалары бойынша есеп берді.
Сондай-ақ, Университет ОПҚ-ның құжаттарын ғылыми атақ алу үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ұсыну, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту, РОӘК-не Гриф алуға және баспаға ұсыну, Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2024–2025 оқу жылының қысқы кезеңінде қабылданған докторанттардың тақырыптарын бекіту сынды т.б маңызды мәселелер қаралды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 