УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ «БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы жариялаған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жас ұрпаққа экологиялық білім беру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, оларды екінші ресурс ретінде пайдалануға үйрету.
Семинарда алғаш болып сөз алған Экология ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD доктор Нұрлан Ахметов шараның маңыздылығына тоқталды. Институттың ғылыми қызметкері Айида Дәріханова баяндама жасап, экологиялық мәдениет қалыптастырудағы білім беру мекемелерінің рөлі туралы айтты.
Ғылыми семинарға Биология кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ғани Исаев, PhD доктор, профессор Зелиха Селамоглу, сондай-ақ Экология ҒЗИ-ның аға ғылыми қызметкері Марат Джунусбеков қатысып, атаулы күнмен құттықтады. Олар мұндай шаралар жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруда маңызды екенін айтып, бұл шараны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді ұсынды.
Семинар соңында Жаратылыстану ғылымдары факультеті Экология мамандығының студенттері «Қалдыққа екінші өмір сыйла» атты шығармашылық жобасы мен макеттерін таныстырды.
Студенттер жоба арқылы тұрмыстық қалдықтарға жаңаша көзқарас танытып, қайта өңдеудің тиімді тәсілдерін көрсетті.
Шара экологиялық ойлау мен шығармашылықты ұштастыра отырып, болашақ эколог мамандардың белсенділігін арттыруға үлкен үлес қосты.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 