ТҮРКИЯДАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ЯСАУИ МҰРАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Жиында Ахмет Ясауидің мәдени мұрасы мен бұл мұраның түркі дүниесіндегі орны, түркі халықтары арасындағы бірлікті нығайту және бұл құндылықтарды жастар арасында насихаттау мәселелері талқыланды.
Жиында Анкара Хажы Байрам Вели университеті ректорының орынбасары, профессор, доктор Метин Орбай бұл кездесудің маңызы мен университетаралық ынтымақтастық тақырыбына тоқталды. Жоба үйлестірушісі, аталған университеттің оқытушысы, профессор, доктор Садуллах Гүлтен баяндама жасады.
Айта кетейік, қонақтар жиын алдында ректордың арнайы қабылдауында болып, Халықаралық қазақ-түрік университетінің түркі дүниесіндегі миссиясы мен маңызы туралы әңгімелесіп, ректорымызға осы саладағы еңбегі үшін алғыс білдірді.
Ресми кездесуден кейін делегация университет аумағын аралады. Мәдениет орталығындағы музей мен жаңадан ашылатын көрмені тамашалап, тілек кітабына лебіздерін жазып қалдырды.
Бауырлас елден келген ғалымдардың сапары — Ясауи мұрасын дәріптеу мен түркі әлемінің академиялық қауымдастықтағы ынтымақтастығын нығайту жолында маңызды қадам болды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 