РЕКТОР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СТУДЕНТТЕРІМІЗДІ ҚАБЫЛДАДЫ
Ректор студенттеріміздің халықаралық жарыстарға жеңіске жетіп, чемпион атануы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқығысы келетін жастардың көбеюіне ықпал ететінін айтты.
Айта кетейік, Азия чемпионатында еліміздің абыройын асқақтатқан үш бірдей студентіміз алтын медаль иеленді. 75 келіде өнер көрсеткен Шұғыла Нәлібай, 67 келіде сынға түскен Бақтияр Анарбаев және 75 келі салмақта жұдырықтасқан Аман Қонысбеков елге жеңіспен оралды.
Бокстан университет құрамасының бапкері Еркебұлан Көпесов спортшы студенттерімізге құрмет көрсеткен университет басшылығына алғысын айтты. Сондай-ақ, Түркістан қаласында өтіп жатқан ХІІІ Жазғы Универсиадада оқу орнымыздың абыройын лайықты қорғауға боксшылар дайын екенін мәлімдеді.
Кездесуге университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, Спорт-сауықтыру орталығының басшысы Еркебұлан Балғабаев және оқу орнымыздағы Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ибраев қатысты.
Университет ұжымы чемпиондарымызға алғыс білдіріп, ХІІІ жазғы универсиадада сәттілік тіледі.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 