УНИВЕРСИТЕТІМІЗ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS 2026 РЕЙТИНГІНДЕ 80 ПОЗИЦИЯҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ
Университетіміз QS World University Rankings 2026 жаһандық рейтингінде 848-орыннан 761–770 аралығына көтерілді. Бұл оқу ордамыздың 80-нен астам позицияға жоғарылағанын білдіреді.
Университетіміздің бұл жетістігі – интернационалдандыру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және халықаралық академиялық қауымдастықпен ынтымақтастықты күшейту бағытында жүргізілген жүйелі жұмысының нәтижесі.
QS ресми есебіне сәйкес, университет келесі көрсеткіштер бойынша айтарлықтай ілгеріледі:
Faculty/Student Ratio (оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы): 157 позицияға жоғарылап, әлем бойынша 316-орынға ие болды. Бұл академиялық әлеуетінің артқанын көрсетеді.
International Students Diversity: университетіміз 503-орынға көтеріліп, 13 елден келген студенттермен мультимәдени орта қалыптастырды.
Sustainability (тұрақты даму): көрсеткіш 56 позицияға жақсарып, университет бұл бағытта әлемнің үздік 650 ЖОО қатарына енді.
International Students: 31 позицияға өсу байқалды, яғни шетелдік студенттерді тарту стратегиясы жоғары нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша рейтингке енген 20 университеттің ішінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 7-орынға ие болды. Ал халықаралық ғылыми-зерттеу желісі, студент-оқытушы арақатынасы және шетелдік оқытушылар үлесі бойынша еліміздегі үздік 4 жоғары оқу орнының қатарына кірді.
Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова бұл жетістікке үлес қосқан ұстаздарымызға, студенттерімізге және халықаралық серіктестерімізге алғыс білдірді.
«QS рейтингіндегі позициямыздың нығаюы – университетіміздің жаһандық интеграция, ашықтық және тұрақты даму жолында жоспарлы түрде ілгерілеуінің нәтижесі. Біз бұл жетістікке үлес қосқан ұстаздарымызға, студенттерімізге және халықаралық серіктестерімізге алғыс білдіреміз», – деді ол.
Бұл жетістік – 2024–2029 жылдарға арналған Университетті дамыту бағдарламасын табысты жүзеге асыру жолындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бағдарламаның негізгі басымдықтары – академиялық шеберлік, интернационалдандыру және ғылыми-зерттеу экожүйесін нығайту.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 