ФАКУЛЬТЕТТЕР МЕН ҒЗИ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ СЕССИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ
Үш күнге созылған жиынға ректорлық кеңес, Стратегиялық даму және сапа орталығы, сондай-ақ бейінді департаменттер өкілдері қатысты. Ал, факультет декандары мен ҒЗИ директорлары есеп берді.
Университеттің Даму бағдарламасына сәйкестендірілген құрылымдық бөлімшелердің стратегиялық жоспарларын іске асыру барысын бағалауды мақсат еткен отырыста спикерлер жоспарланған бастамалардың орындалуы, негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу мен басқарушылық шешімді қажет ететін өзекті мәселелер жөнінде баяндады.
Есеп беру сессиясының қорытындысы негізінде Стратегияларды іске асыру бойынша 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспарларды орындау ісінде көш бастаған Теология, Медицина, Филология факультеттері болды. Бұл туралы Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығының Бас сарапшысы Айжан Ермухамедова мәлімдеді.
Ректор Жанар Темірбекова факультет декандары мен ҒЗИ директорларына сессия нәтижесінде жарияланған жоғары көрсеткіштермен қатар, кем түскен тұстарды айтып, талқылау жүргізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта баса назар аударылуы тиіс мәселелерге тоқталды. Оның қатарында: Академиялық ұтқырлық бағдарламалары, оқытушы-профессорлардың авторлық құқығын алған онлайн курстарын жүргізу, оқу орда базасында бар цифрлық технологияларды, студияларды осы мақсатта қолдануы сынды өзге де жұмыстарды атады.
Сонымен қатар, студенттердің академиялық білім алуынан бөлек, қоғамдағы белсенділік деңгейін арттыру, шетелдік білімгерлер мен қазақстандық білімгерлердің ара-қатынасын, бауырластық байланыстарын одан әрі нығайту жұмыстары туралы да сөз қозғалды.
Жиын соңында Сессиялық есеп беруге қатысушылар аталған мәселелерге қатысты жауаптары мен ұсыныстарын ортаға салып, кеңінен талқылады.
Айта кетейік, бүгінге дейін қаралған есептердің нәтижелері алдағы 6 айға арналған жоспарларды нақтылау және сыртқы аналитикалық сессияларға дайындық үшін пайдаланылады.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 