УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ЧУВАШ РЕСПУБЛИКАСЫНАН ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ
Университет ректорының атына жолданған ресми өтініш бойынша 20 ер адам және 35 әйелге университетіміздің жатақханасынан орын берілді.
Шетелдік қонақтар әуелі университеттің музейін аралап, ұлттық жәдігерлермен танысты. Чуваш, татар және басқа да түркі тілдес халықтардың ұлттық киімі мен тарихи мұраларын тамашалап, тілек кітабына қолтаңбаларын қалдырды.
Университетіміздің Мәдениет орталығындағы «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінің 950 жылдығына арналған көрмемен танысып, түркология ғылымының терең тарихына үңілді. Орталықта қонақтар университетіміз туралы ақпарат алып, арнайы видеоролик пен презентацияны тамашалады. Университетімізде білім алып жатқан түркі тілдес халықтардың өкілдері мен шетелдік студенттер, жатақхана мен шәкіртақы туралы толық ақпарат берілді.
Кітапханадағы «Түркі әлемі» бөлімі делегацияның ерекше қызығушылығын тудырды. Евгений Турхан «Потомки Аттилы» атты өз кітабын сыйға тартса, «Чунташ» қорының өкілдері «Иллюстрированная история чувашей» атты туындыны университет кітапханасына сыйға тартты.
Кездесу барысында түркі халықтарының ортақ ұйымдары мен қорлары туралы әңгіме өрбіп, делегация өкілдері университет басшылығына сапар аясында көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірілді.
Айта кетейік, дәл осыған ұқсас сапар 2017 жылы да ұйымдастырылған болатын. 8 жыл бұрын да университет тарапынан делегацияға қолдау көрсетілген еді. Бұл – Ясауи университетінің түркі дүниесін біріктіруге қосып жатқан елеулі үлесінің айғағы.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 