«STEM ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ – 2025» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін оқу орнымызда STEM білім беру бағыты аясындамектеп оқушыларына арналған жазғы мектеп іс-шарасы өтті.
Іс-шараны Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі вице-ректор Айнаш Ошибаева ашып беріп, STEM білім беру бағытындағы бастамалардың маңыздылығына тоқталды және жас ұрпақтың ғылыми-инженерлік әлеуетін дамытудағы мұндай жобалардың рөлін атап өтті.
Бұдан әрі жоба жетекшісі PhD., қауымдастырылған профессор Шерзод Раманкулов «STEM білім беру және өндіріс» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, STEMтехнологиясы мен өндіріс арасындағы байланысты, білім беру мазмұнындағы жаңашылдықты және зерттеу жұмыстарының бағыттарын таныстырды.
Жоба орындаушылары, х.ғ.к., аға оқытушы�Түйебаев Мейірбек «STEM технологиясы: Оқушылардың икемді дағдыларын қалыптастырудағы рөлі» атты баяндамасында STEM әдістері арқылы оқушылардың soft skills – икемді дағдыларын (коммуникация, креативтілік, командалық жұмыс, мәселелерді шешу) дамыту жолдарын нақты мысалдармен көрсетті.
Ал PhD., аға оқытушы�Курбанбеков Бақытжан «VR технологиясын қолданудың мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасап, виртуалды шындық құралдарын физика, инженерия және энергетика салаларында тиімді қолданудың ғылыми-практикалық негіздерін ұсынды.
Іс-шара барысында зерттеу тобының барлық мүшелеріқатысушыларды университет базасында жүзеге асырылып жатқан STEM жобаларымен және өндірістік жабдықтарментаныстырды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылар университет зертханаларындағы ғылыми жобалармен танысып, тәжірибелік бағыттағы жұмыстарға зор қызығушылық танытты. Олар робототехника, VR, CNC және жасыл энергетика бағыттары бойынша іс-тәжірибеден өтіп, өздерінің икемді дағдыларын дамытуға нақты мүмкіндік алды.
Мектеп соңында ректор өкілі м.а. Нажи Генч сөз сөйлеп, жазғы мектепке белсенді қатысып, өздерін жақсы қырынан көрсеткен оқушылар мен мектеп мұғалімдеріне алғысын білдіріп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Айта кетейік, университет ғалымдарының жетекшілігімен жүзеге асып жатқан «Мектеп-Университет-Өнеркәсіп» серіктестігі жағдайында пәнаралық STEM білім беру моделінің сабақтастығын іске асыру» және «Креативті тәрбие мен STEM білімді интеграциялау негізінде оқушылардың икемді дағдыларын қалыптастыру: теориялық-әдіснамалық негіздері, инновациялық-практикалық іске асыру тәсілдері» гранттық жобалары аясында алдағы уақытта оқушыларға ғылыми көзқарас, инженерлік ойлау мен шығармашылық қабілеттерді, икемді дағдылардыдамытуға бағытталған тиімді алаңдар жалғасады.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 