Самарқанд қаласында өткен Халықаралық жазғы мектеп
Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 11–15 тамыз аралығында Самарқанд қаласында өткен Халықаралық жазғы мектепке университетімізден :
- Эйбов Эйб Камилович – ММ-214р тобының 4-курс студенті, медицина факультеті
- Исрайл Диана Дүйсенбайқызы – СТК-106F тобының 4-курс студенті, стоматология факультеті
- Сардаров Саддам – МОМ-111 тобының 5-курс студенті, медицина факультеті
Халықаралық жазғы мектебінің алғашқы күні өтті Мектептің ресми ашылуы болды,студенттерімізге университет атынан эко-сөмке мен шағын сыйлықтар табысталды, сондай-ақ оқу орнымыз туралы таныстыру бейнеролик көрсетілді. Бейнероликке «керемет», «ең үздік» деп мақтап, жоғары баға берді.
Түсте дәмді Самарқан палауы ұсынылды.
Университет музейінде болып, олардың даму тарихымен танысты.
Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері Самарқандтағы Жазғы мектепте университетімізді лайықты таныстырды! Студенттердің ғылыми баяндамалары тыңдалды. Солардың ішінде
Сұлтанов Атабек — «Брейн-ринг» байқауында I орын
Исрайл Диана — эстафета жарысында I орын
Саддам Сардаров — «Алғашқы медициналық көмек көрсету» байқауында II орын
Эйб Эйбов — сол байқауда I орын
Көрмеге ұсынылған ғылыми жұмыс — II орын
Командалық эстафета ойыны — III орын
Кешке мәңгілік қалада саяхат жасап, би билеп, көңіл көтеріп, жаңа достар тапты.
Самарқанд мемлекеттік медицина университетіне жылы қабылдауы, жоғары деңгейдегі ұйымдастыруы және баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 