УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛАРЫ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІН ҚАРСЫ АЛДЫ
Оқу ордаға жаңадан қадам басқан студенттер университет корпустары мен тыныс-тіршілігімен танысты. Жастардың алғашқы оқу күнінде ректор, вице-ректорлар, әр факультет декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы сәттілік тіледі.
Айта кетейік, ректор Жанар Темірбекова жаңа оқу жылында жаңадан қайта құрылған «Өнер, медиа және дизайн», «Спорт» факультеттерінің студенттерімен кездесті.
«Құрметті студенттер, оқу ордамызға қош келдіңіздер! Болашақта сабақты жақсы оқумен ғана шектелмей, университетіміздегі студенттік клубтарға қосылып, әлеуметтік өмірге белсене қатысыңыздар. Қазақ тілімен қатар, түрік тілін де жетік меңгеруге тырысыңыздар. Алдағы уақытта түрік тілінен білікті оқытушылардан сабақ аласыздар. Сонымен қатар, Түркия Республикасының озық университеттерінде түрлі академиялық ауысым бағдарламалары арқылы білімдеріңізді шыңдай аласыздар. Шет елдерде білім алуды армандайтын таланатты жастарымызға оқу ордамызда барлық жағдай жасалған. Сондықтан, осы мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланыңыздар. Алдағы студенттік шақ пен білім жолында сәттілік тілеймін!»,-деді.
Сонымен қатар, студенттерге оқу орданың дамуы жолында «Мен қандай үлес қоса аламын?» деген сауалды әр студент өзіне қоюы керек екенін түсіндірді. Білім алып, мықты маман болудың маңызы туралы тереңінен айтты. Жаңа заманның ұсынған түрлі мүмкіндіктерін, білім беру бағдарламалары мен жасанды интеллектті дұрыс пайдалану сынды бағыттары жөнінде де сөз қозғады.
Осылайша, оқу орда басшылары студенттерге ақ тілектерін арнап, оқу орда абыройын асқақта берулерін тіледі. Университет есігін жаңа ашқан студенттерге үлкен сенім артатынындарын жеткізді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 