«ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР – БАҚЫТТЫ ЕЛ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Конференцияда Түркістан облыстық Полиция департаменті, Жергілікті полиция қызметі басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Әйгерім Жарқынбек пен Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювениалдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Бексұлтан Ташимов пен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Есімхан Кожбанов спикер болды.
Сондай-ақ, жиынға Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов қатысып, жастарға ақыл-кеңесін айтты.
Спикерлер зорлық-зомбылық деген не, оның түрлері қандай екенін жіктеп көрсетті. Күш көрсету, психикалық, экономикалық зорлық-зомбылық түрлерінің адамға тигізер зияны туралы айтты. Қасақана жасалған мұндай заңсыз іс-әрекеттердің өтеуі жаза екенін де тілге тиек етті.
Сонымен қатар, әр отбасыда балаға берілетін тәрбие мен қоршаған ортаның әсері маңызды рөл атқаратынын ескертті. Бақытты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі болатынын жеткізді.
«Зорлық-зомбылық» тақырыбынан бөлек, «Есірткі қылмысына қарсы күрес» тақырыбы да көтерілді. Аталған қылмысқа байланысты қабылданған жаңа заң мен Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды.
Конференция соңында психологиялық тренинг өтті.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 