• image image image image
  • shape
    shape

    Жаңалықтар

    Blog Image

    XXVII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

    Бүгін оқу ордамызда «Түркі әлеміндегі салыстырмалы мемлекеттік басқару» атты XXVII Халықаралық Мемлекеттік басқару форумы басталды. Айтулы іс-шараны оқу ордамыз, ТҮРКСОЙ ұйымы, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА), Мугла университеті, Анкара Хажы Байрам Вели университеті, Кыршехир Ахи Эвран университеті, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті және Караманоглу Мехметбей университеті ұйымдастырды.

    Форумның мақсаты – мемлекеттік басқару саласындағы заманауи тәжірибелерді талқылау мен мәселелерді шешу жолдарын қарастыру арқылы ғылыми ортада практиктерді тоғыстыру. Сонымен қатар, Түркі мемлекеттері мен халықаралық деңгейде мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға үлес қосу. Әрі, ғалымдар мен мемлекеттік қызметшілер арасында тәжірибе алмасу мен бірлескен ғылыми зерттеулер мен бастамаларды қолдау.

    Салтанатты жиында сөз бастаған Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Караманоглу Мехметбей университетінің профессоры Ержан Октай: «Бүгінгі форумды өткізуге өз үлесін қосқан барша әріптестерімізге алғыс айтамын! Құрметті қонақтар мен студенттер, Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы болған Түркістан топырағында XXVII Халықаралық Мемлекеттік басқару форумын өткізу үлкен мақтаныш! Бұл жиын өзінің алға қойған мақсаттарына жететін, берері мол алаң болатынына сенемін! Сондай-ақ, халықаралық серіктестікті нығайтып, білім алаңын белестерге бастайтыны анық»,-деді.

    Құттықтау сөз кезегін алған Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшек: «Түркия мен басқа да мемлекеттерден келген қадірлі қонақтар мен сүйікті студенттер, қош келдіңіздер! Бүгінгі форумның нәтижесінде ғалымдар мен мамандардың ойлары жаңашылдыққа бастап, болашаққа жол көрсетеріне сенемін. Себебі, адамның еңбегі ешқашан жерде қалмасы анық. Ол қашанда өз жемісін береді. Міне, бүгін XXVII Халықаралық Мемлекеттік басқару форумы өтіп жатыр. Бұл – үлкен еңбек пен күштің жемісі. Форумның жұмысына сәттілік тілеймін!»,-деді.

    Келесі кезекте, ректор Жанар Темірбекова: «Өздеріңіз білетіндей, Халықаралық оқу ордамызда Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен көптеген іс-шара өтеді. Бүгінгі форум соның жалғасы деп білеміз. Өте маңызды жиын үшін тағы бір ортаға тоғыстық. Қатысушылар мен студенттерге берері көп айтулы жиын оқу ордамызда өтіп жатқанына өте қуаныштымын! Барлық тақырыптар мен тарихи маңызға ие шешімдер түркі мемлекеттерінің игілігіне жарап, өзара ынтымақтастығын арттыра түседі деп сенемін!»,-деді.

    Ректор өкілі м.а Нажи Генч те форум қатысушыларына сәттілік тіледі.

    Құттықтау тілектерін айтқан қонақтар қатарында Түркия Республикасының Түркістан облысындағы Бас консулы Илкер Пак пен Караманоглу Мехметбей университетінің ректоры, профессор, доктор Мехмет Гавгалы бар.

    Ашылу салтанаты секциялық отырыстарға ұласты. Секциялық отырыстарда: Түркі тілдес мемлекеттерде басқару жүйесінің өзгеруіне салыстырмалы талдау: Пост-социалистік кезеңдегі мемлекеттік реформалар, Мемлекеттік әлеуетті қалыптастыру мәселесі ретінде османлы-түрік жаңғыруы, Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасындағы қоғамдық дипломатияның əсерін салыстырмалы талдау (1992-2024), Бюрократиядағы әйелдер: Еңбек жағдайлары және мансаптық өсу мүмкіндіктері, Адам құқықтарынан нарықтық басқаруға: Халықаралық ұйымдар және миграцияның саяси экономикасы сынды өзге де тың тақырыптар қозғалды.

    Айта кетейік, XXVII Халықаралық Мемлекеттік басқару форумы 12-қыркүйекке дейін жалғасады.