УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ АҚШ-ТЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ КЕЛДІ
Ең алдымен, АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығы, Қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері Хира Каур Камбодж бен Бас консулдың Білім саласы бойынша кеңесшісі Айнұр Тұрлыбекова 3-4 курс студенттерімен басқосты.
Қонақтар АҚШ-тың білім беру және алмасу бағдарламаларының мүмкіндіктері туралы ақпараттық сессия өткізді. Студенттерге АҚШ-та қалай білім алуға болатынын, оның жолдары мен талаптары туралы кеңінен баяндады. Әсіресе, белгілі Fulbright бағдарламасы жөнінде сөз қозғады.
Айта кетейік, бүгін Fulbright English Teaching Assistant бағдарламасы аясында оқу ордамызға Грейс Жаклин Самандас келді. Ол – университетіміздің студенттері мен оқытушылары үшін білім беру семинарлары мен әңгімелесу клубтарын өткізу, АҚШ-тың мәдениеті, тарихы және географиясымен таныстыру мақсатында арнайы келген магистр. Грейс Жаклин Самандас 2025-2026 оқу жылында Ағылшын тілінің оқытушы-профессорларына көмектеседі.
Келесі кезекте, Бас консул Мишель Еркін мен консулдық өкілдері университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі м.а Нажи Генчпен кездесті.
Кездесу барысында оқу ордамыздың ғылыми зерттеу алаңындағы мүмкіндіктері мен АҚШ-тың озық университеттерімен қандай ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатуға болатыны жөнінде талқылады. Сондай-ақ, «Visiting Professors» бағдарламасы аясында АҚШ-тан белгілі профессорларды шақырту, мастер-класстар мен семинарлар ұйымдастыру туралы ой айтылды.
Жиын соңында Бас консул Мишель Еркін мен ректор Жанар Темірбекова бір-біріне сый-сияпаттар табыстап, естелікке суретке түсті.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 