ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ
Бүгін университетіміздің Сауран ауданы әкімдігінде қызмет ететін түлектерінің қатысуымен «Елге қызмет – абыройлы міндет» атты тәжірибелік ашық семинар өтті. Семинарға әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев, Экономика, басқару және құқық факультетінің оқытушы-профессор құрамы мен студенттері қатысты.
Жиында оқу ордамыздың түлектері: Сауран ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дауырхан Асылбек, Жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова қонақ болды.
Қонақтар өздерінің университет қабырғасындағы жылы естеліктері мен студенттік шақтағы арман-мақсаттарын, еңбек жолдарын тарқата айтты. Басқосуға қатысқан студенттерді болашақта мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін керекті талаптармен таныстырды. Тек ол ғана емес, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен ұлтқа қызмет етудің маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, болашақ жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасуға, арнайы тәжірибеден өтуге арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларын таныстырды. Соның бірі – «Жастар практикасы» бағдарламасы. Бұл түлектерге мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесіп, мол мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама екенін айтты.
Сондай-ақ, жиында арнайы қонақ болған ҚР мемлекеттік қызмет істері агентінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Нұрлан Амандық мемлекеттік қызмет жайлы баяндама оқыды. Ол мемлекеттік қызметке қабылдаудың іріктеу кезеңдері, облыстағы мемлекеттік қызметтің бос орындар саны, жұмыспен қамтылған университет түлектерінің көрсеткіші және т.б. мәліметтерді ұсынды.
Басқосу соңында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын ортаға салып, нақты жауаптар алды. Білімгерлер өз тәжірибелері мен еңбек жолымен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің маңызын жеткізген спикерлерге алғыс білдірді.
Қонақтар өздері білім алған қара шаңырақтағы ұстаздары мен кездесуді ұйымдастыруға атсалысқан Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Мәриям Асановаға ризашылықтарын білдіріп, гүл шоқтарын табыстады. Университетіміздің атынан да қонақтарға арнайы сый-сияпаттар берілді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 