УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫН ТАҒЫ ДА КЕҢЕЙТТІ
Құжаттың басты мақсаты – екі оқу орны арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды дамыту, білім беру мен ғылым саласында ортақ жобаларды жүзеге асыру. Меморандум аясында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер алмасуы, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары, халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізу жоспарланған.
Нажи Генч өз сөзінде бұл ынтымақтастық екі университет арасындағы достық пен өзара қолдаудың жаңа кезеңін бастап беретінін атап өтті:
«Бұл құжат – білім мен ғылым саласында ортақ бастамаларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік. Біз тәжірибе алмасу арқылы студенттеріміздің халықаралық деңгейде білім алуына және зерттеу жүргізуіне жол ашамыз», – деді ол.
Сулейман Демирел Университеті – Түркиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Ыспарта қаласында орналасқан университет инженерия, медицина, әлеуметтік ғылымдар және өнер саласында жоғары білікті мамандар даярлайды.
Меморандумның жүзеге асуы екіжақты серіктестікті нығайтып қана қоймай, жастардың білім көкжиегін кеңейтіп, мәдени диалогты дамытуға ықпал етпек.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 