ЗАҢ КЛИНИКАСЫ: ОҚУ ОРДАМЫЗ БЕН 6 МЕКЕМЕ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАДЫ
Заң клиникасы – студенттеріміздің теориялық білімін нақты істермен ұштастыратын, азаматтарға құқықтық көмек көрсететін, ал ең бастысы – Ясауи іліміндегі адамға жанашырлық, әділетке адалдық, жауапкершілік қағидаларын құқықтық тәжірибеге енгізетін тәжірибелік білім беру алаңы.
Жиын басында сөз алған ректор Жанар Темірбекова «Тәрбиеден тағылымға, теориядан тәжірибеге: Ясауи ілімі және Заң клиникасы» тақырыбында баяндама оқыды.
«Біздің мақсат – Түркі әлемі үшін құқықты терең білетін ғана емес, рухани кемел, қоғамға қызмет ету миссиясын сезінетін мамандарды қалыптастыру. Заң клиникасы осы мақсатқа жетудің негізгі тетіктерінің бірі болып, академиялық білім, кәсіби дағды және рухани құндылықтардың біртұтас моделін ұсынады»,-деді Жанар Темірбекова.
Келесі кезекте, ректор Жанар Темірбекова мен Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Қайрат Қамбаров, Түркістан облысының нотариалдық палатасының төрағасы Раимқұл Исахов, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының төрағасы Айгүл Орақбаева, Түркістан облысының сот сараптама институтының директоры Шоқан Тасыбаев, Түркістан облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының төрағасы Мақсат Сауран меморандумға қол қойды.
Жоғарыда аталған 6 мекеме – құқық саласындағы ең беделді құрылымдар. Алдағы уақытта меморандум аясында студенттер аталған мекемелерде тәжірибеден өтеді. Тараптар бұл болашақ заңгерлерге жол ашып қана қоймай, қоғам үшін де үлкен игілік әкелетін бастамаға айналады деген сенім білдірді.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 