КЛИМАТ ЖӘНЕ ӨНЕР: ШЕТЕЛДІК СУРЕТШІ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Университетімізде «Тұрақты даму мақсаттарының 13-мақсаты – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» бағыты аясында «Климат және өнер: Көркем шындық пен жаһандық мәселе» атты ерекше іс-шара өтті.
Шараны Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығы (ТДҒЗО) мен Өнер, медиа және дизайн факультеті бірлесе ұйымдастырды.
Аталған жиынға концептуалды неміс суретшісі, оқытушы, профессор Надин Фешт арнайы шақырылып, өзінің шығармашылық тәжірибесімен бөлісті.
Профессор Фешт климаттың өзгеруі – тек ғылыми немесе экологиялық мәселе ғана емес, сонымен қатар өнер арқылы жеткізілетін әлеуметтік құбылыс екенін атап өтті. Ол өнердің адамдардың ойы мен сезіміне әсер етіп, қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал ететінін мысалдармен түсіндірді.
Шара барысында студенттер мен оқытушылар жаһандық экологиялық сын-қатерлер туралы тың деректер алды, заманауи көркемдік концептуалды сурет салу техникасымен танысты. Сондай-ақ, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған шеберлік сабағына қатысты.
Бұл кездесу жас суретшілер мен дизайнерлерге өз идеяларын еркін жеткізуге, шығармашылық арқылы табиғатқа жанашырлық танытуға шабыт берді.
Іс-шара соңында қатысушылар климаттың өзгеруіне қарсы күресте өнердің әлеуеті зор екенін атап өтіп, осындай тәжірибе алмасу университетіміздегі тұрақты даму бағытындағы ғылыми-зерттеу және мәдени бастамаларға серпін беретінін айтты.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 