«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЭКОСАҒАТ ӨТТІ
Іс-шараны Жаратылыстану ғылымдары факультеті мен Түркістан облысы бойынша экология департаменті бірге ұйымдастырды. Жиынға факультет студенттері қатысты.
Басты мақсат – студенттердің экологиялық мәдениетін дамыту.
Спикерлер қатарында Түркістан облысы Экология департаментінің басшысы Қадырхан Бейсенбаев пен департамент басшысының орынбасары Нұрбек Садықов пен факультет деканының орынбасары Нұрлыбек Әбдімүтәліп бар.
Қонақтар экосағат барысында Экология департаментінің қызметі және оның қоғамдағы рөлі туралы тың ақпараттар берді.
«Қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздік – мемлекет дамуының басты басымдықтарының бірі. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында елімізде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен оның өңірлік құрылымдары – экология департаменттері жұмыс істейді»,- деді Нұрбек Садықов.
Сондай-ақ, Түркістан облысы бойынша департамент тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Таза қала», «Таза кәсіп - таза аймақ», «Таза жағалау», «Жасыл қала», «Жасыл аула», «Өз ағашыңды отырғыз», «Жер сағаты», «Табиғат біздің қолымызда» сынды т,б акциялар мен «Өнеркәсіптік кәсіпорынның үздік бастамасы» байқауы өткізілгенін айтты. Жоғары оқу орындарында бүгінгідей экосағаттар мен тұрақты түрде сенбіліктер өтетінін де тілге тиек етті.
Сонымен қатар, департаменттің негізгі міндеттері туралы тарқата баяндады. Қоршаған ортаны аялау мен табиғатты қорғаудың маңызына тереңінен тоқталды.
Басқосу соңында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, сала мамандарының жауабын тыңдады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 