«ЭТНОСТАРДЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ КҮНІ» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
«Достық үйінде» өткен бұл айтулы жиынға университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректоры Еділ Төлегенов, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдерінен құралған шетелдік студенттер қатысты. Қонақтар арасында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшы орынбасары және облыстық этномәдени бірлестіктердің жас буын өкілдері болды.
Жиын басталмас бұрын қонақтар мен қатысушылар үшін түрлі елдердің мәдени көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Тыва, Якутия, Қырғызстан және Түркия елдерінен келген студенттер өздерінің ұлттық тағамдарын таныстырып, келген қонақтарға дәм татқызды. Әр халықтың ерекше ас мәзірі мен дәстүрлі тағамдары көрмеге қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңының 19-1 бабына сәйкес этномәдени бірлестіктердің тіл, дәстүрі және мәдениетін сақтау мен дамыту бағытындағы қызметін қолдай отырып, қоғамдағы этносаралық келісімді және ұлт бірлігін нығайту.
Алғашқы сөз кезегі Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшы орынбасары Нұрсұлтан Сейтжановқа берілсе, одан кейін сөз алған университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректоры Еділ Төлегенов студенттер қауымын мерекемен құттықтап, өзара сыйластық пен бауырмалдықтың маңыздылығын атап өтті.
Мереке әрі қарай шетелдік студенттеріміздің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сахна төрінде университетіміздің түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерімен шығып, ұлттық билерін билеп, халық әндерін орындады. Әр елдің ерекше мәдени бояуы мен өнері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық пен бауырмалдықтың айқын көрінісіне айналды.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 