ДӘСТҮРЛІ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАУ АЛДЫ
Аталмыш спорттық дода – студент жастардың денсаулығын нығайтуға, спортқа қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды шара. Сонымен қатар, жарыс нәтижесінде университетіміздің құрама командасы жасақталмақ.
Ашылу салтанатында сөз бастаған әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов қатысушыларға сәттілік тіледі. «Біздің оқу ордамыз XIII жазғы Универсиадада үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған болатын. Бұл – табандылық пен күш-жігердің жемісі. Жарыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те болады. Бастысы – бірлікте болып, достықты нығайту. Ясауи студенттері әрқашан биіктен көрінуі керек»,-деді.
Спартакиаданың алғашқы күні эстафеталық жарыстан басталды. Биылғы жылы 11 команда волейбол, қол күресі, тоғызқұмалақ, кіші футбол, үстел теннисі, арқан тарту, эстафеталық және ату спорты ойындарынан өзара бақ сынайды.
Спартакиада университет жастарының спортқа деген ынтасын арттырып, достық пен бірлікті нығайтатын маңызды алаң болмақ.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 