«СӨЗДІК – ҚҰНДЫ МҰРА» АТТЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
Жиынның мақсаты – сөздік құрастыру ісінің ғылыми-теориялық және практикалық маңызын көрсету, сондай-ақ қазақ және түрік тілдері арасындағы мәдени-рухани байланысты тереңірек түсіндіру. Әрі, жас ғалымдар мен студенттердің сөздік жасауға қызығушылықтарын ояту, лексикография саласында зерттеу жүргізуге бағыт беру.
Семинар барысында сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері, қазақ және түрік тілдерінің өзара ықпалдастығы және сөздіктердің мәдени мұра ретіндегі маңызы кеңінен айтылды. Кенан Коч өз тәжірибесімен бөлісіп, сөздіктің тек тіл үйренушілерге ғана емес, ғылым мен білім саласы үшін де баға жетпес қазына екенін атап өтті.
Сөздік құндылығын айқындауды міндет еткен жиында сөздіктің тек аударма құралы емес, халықтың тарихи жадын, тіл байлығын сақтайтын мәдени мұра екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, сөздік құрастыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен лексикографиялық принциптерді талданды. Қазақ-түрік тілдік байланысын дамыту аясында екі халықтың рухани жақындығын тіл арқылы көрсетіп, аударма саласындағы ортақ тәжірибемен бөлісті. Сөздікті тиімді пайдаланудың жолдарымен таныстыру арқылы қазақ және түрік тілін үйренушілерге бағыт-бағдар көрсетті.
Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, сұрақ-жауап кезеңін жүргізді.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 