«АКАДЕМИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ» ТРЕНИНГІ БАСТАЛДЫ
Бағдарламаның басты мақсаты – академиялық көшбасшылық мәдениетін дамыту, басқару стилін жетілдіру және ұжым ішінде сенім мен ынтымақтастықты нығайту.
Әр аптаның сейсенбі күні кітапхананың бірінші қабатында корпоративтік таңғы ас форматында декандар, департамент басшылары, ҒЗИ директорлары , декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілеріне арналған біліктілікті арттыру және команда құру бағытындағы кездесулер өтеді.
Бүгінгі кездесуде университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова «Академиялық көшбасшылық» тақырыбында маңызды тренинг өткізді. Тренингке факультет декандары, департамент басшылары мен ҒЗИ директорлары және кафедра меңгерушілері де қатысты.
Спикер өз сөзінде көшбасшылық ұғымының қазіргі қоғамдағы орнын, оның білім беру саласындағы маңызын және ұжымдық сенім қалыптастырудағы рөлін жан-жақты талдады. Сонымен қатар қатысушыларға көшбасшылықтың мәні – лауазым емес, мәдени миссия екенін атап өтті.
Тренинг барысында қатысушылар «Көшбасшының таңдауы» атты топтық жаттығуға қатысып, түрлі академиялық жағдайларды талдап, әділ шешім қабылдау мен сенім мәдениетін дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындады. Әр топ өз көшбасшысын анықтап, командалық шешімдер ұсынды.
Соңында қатысушылар «Өзім көшбасшы болсам…» атты рефлексия бөлімінде көшбасшы ретіндегі өз рөлдері мен жауапкершіліктері жайында ой бөлісті.
Жиын соңында ректор Жанар Темірбекова мұндай тренингтердің ұжым мәдениетін қалыптастыруға, тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты арттыруға зор ықпал ететінін айтты. Бағдарлама алдағы уақытта жалғасын табады.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 