№3 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Басқосу әдеттегідей университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын марапаттау және мерейтойларымен құттықтау рәсімімен бастау алды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова Кентау кампусының директоры Камалбек Беркимбаевты еліміздің жоғары білім және ғылым саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет Грамотасына ие болуымен құттықтады.
Сонымен қатар, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің доценті Әлия Сарыбаеваны 60 жас және Инженерия факультетінің аға лобаранты Алмагүл Қожахметқызын 50 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.
Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы А.Досболов Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша (магистратура және докторантура) 2025-2026 оқу жылына қабылданған білімгерлердің ғылыми жетекшілерін, магистранттардың диссертацияларының тақырыптарын бекіту туралы баяндады. Ал, 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына білім алушыларды қабылдау қорытындылары туралы Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Н.Байбахов жеткізді.
Сондай-ақ, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну, Докторанттардың тақырыптары мен жетекшілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Ясауи университетінің хабаршысы» журналының ребредингі және бағытын бөлу туралы т.б маңызды мәселелер қаралды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 