СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Оқу ордамыздың спортшылары Түркістан қаласында ересектер арасында қазақ күресінен өткен Азия чемпионатында топ жарды.
Айтулы спорттық додаға Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия, Үндістан, Иран, Жапония, Пәкістан сынды өзге де мемлекеттерден 200-ге жуық спортшы қатысты.
Аса тартысты өткен байрақты бәсекеде 82 кг салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан Асылжан Кәрім қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды!
Әйелдер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде белдескен Ақбота Қыдырәлі де мықтылығын танытып, күміс жүлдені еншіледі.
Боз кілемде жеңіске жетіп, тұғырдан көрінген студенттеріміздің жетістігі құтты болсын! Алдағы өтетін байрақты бәсекелерде сәттілік серік болсын деп тілейміз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
# 38. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды 