• image image image image
  • shape
    shape

    Жаңалықтар

    Blog Image

    XXXIV ДӘСТҮРЛІ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

    Бүгін университетімізде студенттер арасындағы факультетаралық XXXIV дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті.

    Спартакиаданың басты мақсаты — студенттер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және спорт түрлері бойынша университеттің құрама командасын жасақтау болды. Спорттық дода жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз шеберліктерін паш етті.

    Командалар 8 спорт түрінен: волейбол (қыздар, ерлер), қол күресі, тоғызқұмалақ, кіші футбол, үстел теннисі, арқан тарту, эстафета және ату спортынан өзара бақ сынады.

    Жабылу салтанатында алғашқы сөзді Жастар департаментінің директоры Жандәулет Болат алып, спорт – денсаулық кепілі екенін атап өтіп, дәстүрлі спартакиадаға белсене қатысқан студенттер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

    Сондай-ақ, Спорт факультетінің деканы, профессор Ермек Сейдахметов жарыстың маңызы мен мақсатына тоқталып, қатысушыларға жігер беретін лебізін білдірді.

    Медиа және PR орталығының басшысы Гүлдана Қазтай да сөз алып, студенттерді ынталандырып, жеңімпаз командаларды құттықтап, марапаттады.

    Сайыс қорытындысы бойынша:

    I орын – Жаратылыстану ғылымдар факультеті,

    II орын – «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби»  колледжі

    III орын – Кентау кампусы иеленді.

    Сонымен қатар, әр спорт түрінен ерекше көзге түскен қатысушылар арнайы марапаттар мен сый-сияпаттарға ие болды.

    Барлық қатысушыларды айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!