• image image image image
  • shape
    shape

    Жаңалықтар

    Blog Image

    УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ AI-JAN ЖОБАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

    Астана қаласында өткен «Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» стратегиялық серіктестер форумы аясында ұйымдастырылған AI-Sana Ceremony іс-шарасында оқу орнымыздың AI-Jan жобасы «Қоғам игілігі үшін: жылдың әлеуметтік бастамасы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.


    AI-Sana Ceremony білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу және цифрлық құзыреттерді дамыту бағытындағы үздік жобаларды марапаттауға арналды. Қатысушыларды ҚР Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев құттықтап, AI-Sana бастамасының жаңа буынның зияткерлік әлеуетін арттырудағы стратегиялық рөлін атап өтті.


    Форум жұмысына университет атынан Стратегиялық даму және ғылым жөніндегі вице-ректор Айнаш Ошибаева қатысып, марапатты қабылдап алды.


    AI-Jan жобасы университеттің Коммерцияландыру офисі жүзеге асырып отырған YASAWI STARTUP бағдарламасы аясында әзірленген. Бұл жүйе мектеп оқушылары мен студенттерге эмоционалдық күйзеліс кезінде көмек беріп, буллингтің алдын алуға көмектеседі.


    Марапат – жасанды интеллектті қоғам игілігіне пайдалану бағытындағы университет жастарының инновациялық ізденісіне берілген жоғары баға деп санаймыз.


    Университетіміз алдағы уақытта да жасанды интеллект, білім мен инновацияны біріктіретін стартаптарды дамыту, экожүйені күшейтуге және жастардың бастамаларын қолдау бағытындағы жұмысын жалғастырады.