ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МОТИВАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТРЕНИНГІ
Аталған тренингтің басты мақсаты – қызметкерлердің мотивациясын арттыру тәсілдерін талқылап, эмоциялық интеллект дағдыларын дамыту, сондай-ақ көшбасшылықтағы эмоция мен мотивацияның өзара байланысын түсіндіру болды.
Бүгінгі кездесуде университет ректоры Жанар Темірбекова «Қызметкерлерді мотивациялау және эмоционалды интеллект» тақырыбында тренинг өткізіп, мотивация мен эмоция арасындағы байланыс, мотивация түрлері және эмоциялық интеллекттің маңызы туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Тренинг барысында қатысушылар «Эмоциялық спектр» атты ойынға қатысты. Ойын мақсаты: эмоция арқылы мотивацияны түсіну және эмпатияны дамыту. Аталған ойын қызметкерлерге өз сезімдерін дұрыс түсініп, өзгенің эмоциясын қабылдау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Жиын соңында ректор Жанар Темірбекова эмоция мен мотивацияның өзара тығыз байланысты екенін атап өтті. Эмоция мен мотивация – бір процестің екі қыры. Көшбасшы эмоцияны басқару арқылы сенім тудыратынын. Сенім бар жерде мотивация да болатынын атап өтті.
Тренинг аясында қатысушыларға «Мотивация фабрикасы» атты тәжірибелік бөлім ұсынылды. Бұл бөлімнің мақсаты – спикерлік дағдыларды дамыту және өз идеясын қысқа уақытта нақты әрі шабыттандыратындай жеткізуге үйрету болды.
Айта кетейік, әр аптаның сейсенбі күні университет кітапханасының бірінші қабатында корпоративтік таңғы ас форматында декандар, департамент басшылары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілеріне арналған біліктілікті арттыру және команда құру бағытындағы кездесулер өтеді.
Тренинг қатысушылардың қызығушылығын тудырып, пайдалы пікір алмасуға ұласты. Бағдарлама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
# 33. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи университетінің кітапханасы конкурс жариялайды
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 