QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2026: ОҚУ ОРДАМЫЗ РЕЙТИНГТЕ АЛҒА ЖЫЛЖЫДЫ
2025 жылғы 4 қарашада жарияланған QS Asia University Rankings 2026 циклының қорытындысы бойынша оқу ордамыз Азия университеттері арасында 184-орынды иеленіп, 2025 жылғы 193-орыннан жоғары көтерілді. Соңғы төрт жыл ішінде оқу ордамыз тұрақты өсім көрсетіп келеді: 2023 жылы 239-орыннан 2026 жылы 184-орынға дейін, бұл университеттің интернационалдандыру, академиялық үздіксіз даму және білім сапасын арттыру стратегиясының тиімділігін дәлелдейді.
Осы жылы университет келесі бағыттар бойынша көрсеткіштерін айтарлықтай нығайтты:
академиялық бедел – өңірдің жетекші ғалымдары мен оқытушылары тарапынан мойындалуының артуы;
халықаралық тартымдылық – шетелдік студенттер мен оқытушылар үлесінің ұлғаюы;
білім беру ортасының сапасы – студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының оңтайлы арақатынасының қамтамасыз етілуі;
академиялық алмасулар мен халықаралық серіктестіктердің дамуы, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың кеңеюі.
Бұл нәтижелер университеттің интернационалдандыру деңгейінің жоғары екенін, ғылыми белсенділіктің артқанын және академиялық пен кәсіби қауымдастық тарапынан сенімнің нығайғанын көрсетеді.
Сол сияқты, университетіміз 2026 жылғы жаһандық QS World University Rankings рейтингінде де айтарлықтай ілгерілеушілік танытты — 2025 жылғы 848-орыннан 761–770 диапазонына дейін көтеріліп, бір жыл ішінде 80-нен астам позицияға жақсарды.
Бұл жетістік университеттің тұрақты дамуының, халықаралық мойындалуының және жаһандық академиялық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігінің артқанын дәлелдейді.
«QS рейтингтеріндегі оқу ордамыздың өсімі мен тұрақтылығы – университет ұжымының ортақ еңбегінің нәтижесі. Әрбір оқытушы, зерттеуші, студент пен қызметкер оқу орнының халықаралық беделін арттыруға өз үлесін қосып келеді»,-деді ректор Жанар Темірбекова.
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Екіжақты келісім-шарт негізінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы 