УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ АСЫҚ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ
Аталған халықаралық дода ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры мен «СпортҚорының» демеушілігімен ұйымдастырылды.
Чемпионаттың басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дамыту, жастар арасында асық ату ойынын кеңінен насихаттау және оның халықаралық беделін арттыру болды.
Биылғы жарысқа Азия және іргелес өңірлерден келген 12 елдің ұлттық құрамалары қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы (Саха Республикасы), Қытай, Үндістан, Пәкістан және Әзірбайжан бар.
Чемпионат бағдарламасы бойынша ерлер асық ату, ал әйелдер командалары «Бес асық» түрінен сынға түсті. Екі күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі мергендік пен ептіліктерін көрсетті.
Университетімізде Азия чемпионатының жабылу салтанаты да өтті. Онда жарыс қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар арнайы кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Чемпионаттың жоғары деңгейде өтуіне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен өңірлік Асық ату федерациясы зор үлес қосты.
Бұл чемпионат ұлттық спорттың халықаралық деңгейде танылуына жол ашып, Азия елдері арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайта түсті.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 