«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» КОНЦЕПЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ
Басты мақсат – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, банк саласындағы заманауи алаяқтық түрлерінің алдын алу, құқық қорғау органдары мен банк өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ, тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және жеке деректерін қорғауға шақыру.
Жиын модераторы – Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов болды. Ал Қазақстан Халық банкінің Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Самат Бекбашев пен Түркістан облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Жұбаныш Шүкірбай спикерлер қатарынан көрінді. Олар интернет алаяқтыққа қарсы өздерінің мазмұнды баяндамаларын ұсынды.
Кездесу барысында интернет алаяқтықтың түрлері мен олардың алдын алу жолдары, сондай-ақ алаяқтардың құрбаны болған жағдайда қолданылатын шаралар туралы кеңінен баяндалды.
Шара студенттерге заманауи цифрлық қауіптер туралы маңызды мәлімет беріп, қаржылық қауіпсіздікті сақтаудың маңызын түсіндіруге бағытталды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 