СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА АВТОРЛАРЫ АТАНДЫ
Олардың «AI for Finance: Қаржылық алаяқтықтың алдын алуға арналған нақты уақыт режиміндегі интеллектуалды жүйе» атты инновациялық жобасы финтех бағытындағы ең үздік жоба деп танылды.
Жоба банктік транзакцияларды нақты уақыт режимінде талдап, күмәнді операцияларды анықтау арқылы қаржылық алаяқтықтың алдын алуға бағытталған. Бұл интеллектуалды жүйе жасанды интеллект алгоритмдері мен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, банктік қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.
Аталған байқау еліміздің студенттері мен жас зерттеушілерінің жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, финтех және цифрлық технологиялар салаларындағы жобаларын қолдау және дамытуға бағытталған.
Студенттеріміздің бұл жетістігі – білім мен табандылықтың, инновациялық ойлау мен ізденістің нәтижесі. Олар технология мен ғылымды ұштастырып, еліміздің цифрлық трансформациясына өз үлесін қосуда.
Университет ұжымы атынан талантты студенттерімізді құттықтай отырып, жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 