МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІМЕН МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Бүгін университетіміз бен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді.
Жиынға ректор Жанар Темірбекова мен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нурахаев пен департамент өкілдері, Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева мен Коммерцияландыру офисінің директоры Азат Исаков бастаған қызметкерлер қатысты.
Меморандумның мақсаты – тараптардың Қазақстан Республикасының салық және кеден ісі саласындағы заңнамасын насихаттау, оның ішінде кедендік және салық міндеттемені орындауға байланысты озық сервистік бағдарламалық өнім құралдарын енгізу. Сондай-ақ бірлесе отырып, серпінді жобалар дайындау.
Тараптар келісім негізінде алдағы уақытта салық және кедендік әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша зерттеулер жүргізуге, мемлекеттік кірістер органдарын цифрландыру және автоматтандыру саласында жобалар туралы бағыт-бағдар мен ұсыныстар беруге келісті. Сонымен қатар, салық мәдениетін арттыру және көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында бірлескен ақпараттық шаралар, форумдар мен конференциялар өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, департамент университет ғалымдарының зерттеулерін практикалық қызметке енгізу арқылы бизнесті қолдау және мемлекеттік кірістер органдарының ынталандыру тетіктерін жетілдірмек. Сондай-ақ, салық және кедендік әкімшілендіру барысындағы электрондық қызметтер саласында инновациялық IT-жобаларды әзірлеу мен сынақтан өткізу сынды өзге де тың жұмыстарды жүзеге асырады.
Айтулы меморандумға ректор Жанар Темірбекова мен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нурахаев қол қойды.
Қос тарап өзара келісім аясында білім мен ғылымды ұштастыра отырып, тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен өңірдің экономикалық дамуына үлес қосуға уағдаласты.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 