ГҮЛСІМ АСФЕНДИЯРОВАНЫҢ 145 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Университетімізде қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы жоғары білімді дәрігер Гүлсім Асфендиярованың туғанына 145 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Гүлсім Асфендиярова – Түркістан өлкесінде денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруда маңызды қызметтер атқарған білікті маман, медик-педагог.
Жиында сөз бастаған ректор Жанар Темірбекова: «Құрметті конференцияға қатысушылар, сүйікті студенттер мен қадірлі қонақтар! Өздеріңіз білетіндей университетімізде 3 медициналық факультет бар. Сондықтан оқу орда қабырғасында денсаулық сақтау саласына қатысты өтетін кез келген іс-шараға қолдау көрсетуге дайынбыз. Жыл сайын университетімізде 20-ға жуық ірі халықаралық конференциялар өтеді. Ал оның тең жартысы медицина бағытымен тығыз байланысты.
Бүгінгі іс-шара Гүлсім Асфендиярованың туғанына 145 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл хабарды естігенде қуанып, әріптестерімізді құшақ жая қарсы алуға тырыстық. Бұл жиынның мағынасы тереңде жатыр. Гүлсім Асфендиярованың есімін қайта жаңғыртып, қоғамдағы әйел дәрігерлердің рөлі, қазақ қыздарының ғылымды дамытуға қосқан үлесі жайында көптеген ғалымдар жұмыстар жүргізіп келеді. Осы тұста сол ғалымдарымызға ерекше алғыс білдіремін!»,-деді.
Келесі кезекте, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Марат Шорановтың видео-құттықтау тілегі қойылды. Сондай-ақ, өзге де қонақтар конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Конференция барысында белгілі мамандар мен ғалымдар: «Қазақстан Республикасында акушерлік және гинекологияның жетістіктері мен даму перспективалары», «ХХ ғасырдың басындағы Хиуа хандығында акушерияның дамуындағы Гүлсім Асфендиярованың рөлі», «Акушерлік және гинекологиялық қызметтің негізін қалаушы алғашқы қазақ әйелдері» сынды басқа да маңызды тақырыптар бойынша баяндамалар оқыды.
Іс-шарада ғалымдар мен зерттеушілер Гүлсім Асфендиярованың медицина ғылымының, әсіресе акушер-гинекология саласының дамуына қосқан үлесін, Түркістан жерінде медициналық білім беруді дамытудағы рөлін жан-жақты талқылады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 