«ДИПФЕЙКТЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАУІПТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Кездесудің басты мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, дроппер болудан сақтау және дипфейк ақпараттарды ажырата алуды үйрету.
Жиынға Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2 жедел басқармасының аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай және Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департамент қызметкері Лаура Нұрбосынқызы, сондай-ақ университетіміздің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Шараның маңызын Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2 жедел басқармасының аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай түсіндірді. Ол өз сөзінде: «Дропперлерге қатысты қазіргі таңда қолданылатын жаза күшейіп келеді. Сонымен қатар біздің телефондарымыздағы Face ID, қол саусақ сканері сияқты жеке деректер — алаяқтардың бірінші көздейтін нысаны. Олар қоңырау шалған сәтте бірден сенімге кіруге тырысады. Сол себепті сақтық өте маңызды», — деді.
Келесі сөз кезегін алған Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Лаура Нұрбосынқызы : «Дипфейк — жасанды интеллект арқылы жасалатын алдау формасы. Қазіргі таңда алаяқтар жасанды технологияларды және біздің эмоциялық интеллектімізді пайдаланып, өте жылдам әрі сенімді әрекет етеді. Сол себепті кез келген ақпараттың шынайылығына мұқият болу қажет», — деп ескертті.
Кездесу барысында мамандар оқытушылар мен студенттерге арнайы сұрақ-жауап ойынын ұйымдастыру арқылы, олардың алаяқтарды қаншалықты тани алатыны тексерді.
Студенттер үшін бұл кездесу маңызды әрі пайдалы ақпаратқа толы болды. Цифрлық қауіптің күннен-күнге өзгеріп жатқанын ескерсе келе, қауіпсіздікті күшейтіп, кез келген күмәнді ақпаратқа сақтықпен қарау керегін түсінді. Айтылған мәліметтер болашақта алаяқтықтың алдын алуға үлкен көмегін тигізетіні анық.
Қ.А.Ясауи университетінің кітапханасы конкурс жариялайды
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 