УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ӨЗБЕКСТАНМЕН ҒЫЛЫМИ СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТТЫ
Университетіміз бен Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологиялар және менеджмент университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді.
Келісімнің мақсаты – қос университеттің ғылым, білім беру және филология, экономика мен менеджмент, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және инженерия салалары бойынша білікті мамандарды даярлау аясында ынтымақтастық орнату.
Меморандумға ректор өкілі м.а Нажи Генч пен Ақпараттық технологиялар және менеджмент университетінің ректоры Зафар Суннатов қол қойды.
Тараптар алдағы уақытта халықаралық білім алаңындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайту үшін біршама іс-шаралар мен бастамаларды жүзеге асырмақ. Оның қатарында: оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, лекциялық курстар үшін оқытушылардың алмасуы, PhD және MSc бағдарламалары бойынша бірлескен оқуды ұйымдастыру, серіктес университеттерде өткізілетін семинарлар мен конференцияларға оқытушылар мен студенттерді тарту сияқты өзге де тың бастамалар бар. Сонымен қатар, әртүрлі ғылыми жобаларды жүзеге асыру мақсатында бірлескен ғылыми зертханалар мен уақытша зерттеу топтарын ұйымдастырмақ. Екі университеттің қолдауымен ғылыми жобалар, конференциялар мен семинарлар өткізуге келісті.
Екі тарап та бұл меморандумның екі ел арасындағы білім беру кеңістігін кеңейтіп, сапалы кадр даярлау ісінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім білдірді.
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі, Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды
2025-2026 оқу жылында аккредиттеуге ұсынылған білім беру бағдарламаларының тізімі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стратегиялық даму,рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кітапханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды 