«АИТВ-ҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ҚИЫНДЫҚТАРДАН ТИІМДІ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Университетімізде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан тиімді өзгерістерге» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараны 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, оқу орнымыз бен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығы» ұйымдастырды.
Басты мақсат – жастар арасында әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Ең алдымен Облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Ақмаржан Қалмахан нашақорлықтың адам өміріне қауіпін айтып, ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Келесі кезекте, оқу орнымыздың түлегі, дзюдодан Азия ойындарының жеңімпазы, спортшы Дидар Хамза: «Құрметті жастар, барлығыңызды өз денсаулықтарыңызға қарап, оны сақтауға шақырамын. АИТВ-инфекциясына тексерілу үшін қан тапсырып, қорықпай көру де маңызды»,-деді.
Сонымен қатар, жиында АИТВ-инфекциясымен өмір сүруші құпия азамат денсаулық жағдайы мен инфекцияның зияны туралы баяндады. Қазіргі таңда инфекциямен күрес барысы мен дәрігерлер тағайындаған емдік дәрі-дәрмектер жайлы айтты. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жастарды денсаулықтың қадірін білуге шақырды. Нашақорлық сынды ауыр дертке бастайтын зиянды әрекеттерден аулақ болу қажет екенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, студенттер мен ерікті азаматтар АИТВ инфекциясына тексерілу үшін тегін экспресс-тестілеу тапсырды. Бұл жедел тесттің нәтижесін 20 минут ішінде алады.
Семинар соңында студенттер мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауап алды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 