АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ВИЦЕ-РЕКТОРЫ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Басты мақсат – білім алушыларды университеттің академиялық саясаты мен ережелері, стратегиялық жоспарлары және оқу орнының құндылықтарымен жан-жақты таныстыру.
Кездесулер барысында вице-ректор Эльмира Идрисова бастаған мамандар тобы университеттің миссиясы мен мұратын, стратегиялық мақсаттары мен басым бағыттарын түсіндірді. Білім берудегі негізгі құндылықтар – сапа, ашықтық, әділдік, жауапкершілік және инновацияға ұмтылыс туралы айтты.
Сондай-ақ, студенттерге Академиялық адалдық қағидалары, оқу үдерісіндегі тәртіп пен жауапкершілік, бағалау жүйесі және академиялық ережелер бойынша толық ақпарат берді. Сонымен қатар, академиялық адалдықты сақтау білім сапасының негізгі көрсеткіші екенін атап өтті.
Кездесу барысында білімгерлер университеттегі мүмкіндіктермен танысты. Оның қатарында: академиялық ұтқырлық, тілдік деңгейді арттыру, Түркия Республикасына бару, Кітапхана, оқу төлемақысына жеңілдіктер сынды өзге де ақпараттар алды. Сонымен қатар, сессияның өту тәртібі, өндірістік іс-тәжірибеден өту талаптары, бағалау жүйесі сияқты маңызды бағыттар да қарастырылды.
Шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті бөлімдер мен қызметтер туралы қосымша мәлімет алды.
Бұл кездесулер 1-курс студенттерінің университеттік ортаға бейімделуіне, білім алудағы жауапкершілікті сезінуіне және университет құндылықтарын терең түсінуіне ықпал етті.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 